БІЗ ТУРАЛЫ ӘЛЕМ БІЛЕ БЕРСІН

 Кеше Қызылорда қаласының сол жағалаудағы "Рухани жаңғыру" орталығының музейінде "Деде Коркуд" қорының президенті, халықаралық "Азербайджан дуниясы" журналының бас редакторы Элдар Валиев болды.
Журналист бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларының тарихи және мәдени орындарына болып үлгерген. Ол өзін бұл жерде құрметті қонақ ретінде қарсы алғанын айтып, аймақта өзі танысқан нысандар жайлы журналдың Қазақстанға арналған арнайы нөмірінде жарық көретінін жеткізді.
– Журналдың редакциясы бүкіл түркітілдес халықтарда құрметке ие ұлы Қорқыт ата атымен аталған қор  жанында жұмыс істейді, – деді Э. Велиев, – әрбір жаңа қалаға келген сайын   музейлер мен тарихи орындарда боламын. Бүгін осы жерде көргендерімнің барлығы журнал бетінде айшықталады.
Э.Велиев журналдың біздің елге арналған нөмірін шілде айында шығаруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Ержан ҚОЖАСОВ,
«Сыр бойы».
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2019 г. 332 0