Жастармен жүздесті

 Жуырда жастар орталығында «IT-echelon» жобасының қатысушылары жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен, мектеп оқушыларымен кездесті.

Жоба жетекшісі мен қатысушылары, сонымен қатар «Grand master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев, жас бастамашы Евгений Демиденко, Ақпараттық технологиялар орталығының директоры Сәбит Ибадуллаұлы қатысқан шарада «Болашақ веб-бағдарламалау» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

– Жастарды қызықтыра алатын осындай жобаның жүзеге асып жатқанына қуаныштымын. Небәрі үш айда көп нәрсе үйрендік. Болашақта қай саланы таңдарымды ойлап жүр едім, енді ІТ саласына баратыным анық, – деді жоба қатысушысы Қымбат Тұрсынбай.

Қымбат өзінің ерекше жобасын ұсынған. Қазір осы бағытта жұмыс істеп келеді. Мұнда өз жобасы бағытында жұмыс істеп жүрген жастар жетерлік. Сонымен қатар, ІТ саласының білгірлерімен кездесу жоспарлануда. Мәселен, осы сенбіде жас­тар «Яндекс» менеджері Анна Верховамен жүздеспек.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2019 г. 274 0