Автобус аударылды

Алматыда Саяхат автовокзалы мен Талғар арасында қатынайтын жолаушылар автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиғаға қатысты қалалық мобильділік басқармасы түсінік берді.
 «Жол апаты бүгін сағат 14:27-де болды. Қала маңына қатынайтын №203 бағыттағы автобус (мемлекеттік нөмірі - 132) Талғар трассасында солтүстікті бетке алып келе жатқанда жүргізуші дәл алдына келіп тежегішін басқан жеңіл көлікпен соқтығыспас үшін маневр жасаған. Салдарынан автобус аударылып, өзенге құлап кетті. Екі адам жеңіл жарақат алған. Жедел жәрдем шақырылды», - деп мәлім етті басқармадан. Айта кетейік, қала мен қала маңындағы ауылдарды байланыстыратын бұл бағдар өткен жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2019 г. 457 0