Білім беру ісінің үздігі Мәрзия Тұрлыханова өмірден озды

Қазақстанға еңбек сіңірген ұстаз, батыр ана Мәрзия Тұрлыханова 79 жасында өмірден өтті. Бұл жөнінде марқұмның ұлы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов Instagram парақшасында жазды.   Айта кетейік, Мәрзия Айтбайқызымен қоштасу 17 маусым күні сағат 10:00-де Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтеді. 
Мәрзия Тұрлыханова 1940 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Таскескен ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Семей қаласындағы педагогикалық институтты математика мамандығы бойынша бітірді. Алғашқы еңбек жолын Аягөз ауданындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Үздіксіз ұстаздық еңбек стажы - 48 жыл. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі. Мәрзия Айтбайқызы сондай-ақ, көпбалалы Батыр ана. 9 перзент тәрбиелеп, өсірген.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2019 г. 296 0