Қызылордалық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырады

Қызылордалық кәсіпкерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен 3-ші облыстық кәсіпкерлер форумында осындай мәлімдеме жасады.
Форум Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтті.
Аймақта бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғайтын«Рrotecting business and investments» жобасы жұмыс жасауда. Жобаныңфронт-офисіне кәсіпкерлер мен инвесторлардан 44 өтініш түскен. Оның 41 өз шешімін тапқан болса, қалған 3 қаралу үстінде.
Форум барысында отандық өнім өндіруші бизнес субъектілерінің инвестициялық жобаларын сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.
«Сүйемелдеуге алынған инвестициялық жобалар қатарында «Қуат-Әк» серіктестігінің керамзит өнімдерін шығаратын зауыттың құрылысы бар. Жобаның жылдық қуаттылығы 30 мың тоннаны құрайды. Зауыт өнімінің 85% ішкі нарыққа, ал 15% экспортқа бағытталған. Жоба іске қосылған уақытта 45 тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады.
Сондай-ақ, сүйемелдеуге «Ақтал» жеке кәсіпкерінің жылдық қуаттылығы 4 млн. дана күйдірілген қыш өнімдерін шығаратын зауыт құрылысы жобасы алынды», - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Бүгінде Қызылорда облысында«Рrotecting business and investments» жобасы аясында құны 595 млрд. теңгенің 19 инвестициялық жобасы сүйемелдеуге алынған.
Форумда сөз алған Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Соңғы үш жылда кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 617 өтініш түсті. Өтініштерді қарау нәтижесімен 1,6 млрд. теңгеден астам қаражаттың кәсіпкерлердіңөздеріндеқалуына көмек көрсетілді. Бұл сома күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан және т.б. құралды», - дейді.
2018 жылыкәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алулар, жер, сәулет, құрылыс мәселелерімен жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты шағымдар болған.
Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келітіріп, бизнес өкілдерінің құқығын бұзған мемлекеттік органдардың 15 лауазымды тұлғасы палата ұсынысымен тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 маусым 2019 г. 495 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031