Кәсіпкердің 27 млн теңгесі мен дүние-мүлкін тартып алмақ болған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың «М» деген кәсіпкерден 27 миллион теңге, Ақмола облысының Бурабай кентіндегі 10 соттық жер телімін және «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомашинасын қорқытып алмақ болған заңға қайшы әрекетінің жолын кесті» делінген хабарламада.
Оқиға кезінде қылмыстық топ мүшелері суық қаруды және сырт кескіні жауынгерлік қаруға ұқсас муляжды қолданып, кәсіпкердің отбасына қауіп төндірді.  




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2019 г. 267 0