Қызылордалық полицейлер «Ашық есік» күнін өткізді

Кәсіби мереке қарсаңында Сыр өңірінің тәртіп сақшылары Ашық есік күнін өткізді. Іс-шара полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып бұқара халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталған.  
Іс-шара аясында қонаққа келген оқушыларды полицей ағалары күтіп алып, оларға ішкі істер органдарындағы қызметі туралы мол ақпарат берерлік дәріс оқыды. Одан кейін нағыз полицей болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек екендіктерін түсіндіріп, қызмет барысындағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Өздерінің ағалық ақыл-кеңестерін айтты.
Шараға қатысушылар үшін департамент мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті.  
Келесі кезекте жас қонақтарды қыры мен сыры көп криминалистика жұмысымен жан-жақты таныстырып, ондағы құрал-жабдықтарды көрсетті.
Одан әрі Қозғалыстың жас инспекторлары салтанатты формамен сап түзеулерін салтанатты маршпен жүріп өтті.
Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағы қызметкерлері де өнерін көрсетті. Полиция қызметкерлері балаларға жауынгерлік дайындық элементтерін паш етті.
Бұған қоса, шақырылған бүлдіршіндер үшін полиция қызметкерлері «Полиция балалар көзімен» тақырыбындағы суретшілер байқауын ұйымдастырды.
Байқауға  қатысқан балалар тәртіп сақшыларының қиын да жауапты қызметі туралы көзқарастарын  сурет арқылы көрсетуге тырысты. Байқау комиссиясының қорытындысын күту барысында анимациялық алып қуыршақтар мен мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар  балаларды ойнатып, көңілдерін көтерді.
Балалардың жұмыстарын қарап, бағалаған комиссия сайысқа қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 











 














  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2019 г. 252 0