31 ҚАЗАН КҮНІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «KYZYLORDAFRANCH-2017» ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ ӨТЕДІ

71

0

Осы жылдың 31 қазанында Қызылорда қаласында «Бастау» бизнес орталығында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасымен «KYZYLORDAFRANCH-2017» форумы өтеді. Форумда «MailBoxesEtc.» пошталық қызметтер, клиника-диагностикалық «ОЛИМП» зертханасы, «ЖасКемеңгер» балаларды дамыту орталығы, «Поехали с нами» туристтік компаниясы, «Sabayon» кофеханасы және тағы басқа ірі франшизалар ұсынатын компаниялар қатысады.
Көрмеге түрлі бағыттарда жұмыс жасайтын 15-тен аса франчайзерлер қатысады. Барлық қатысушылар франчайзингтің танылған өкілі болып саналады. Біздің ең маңызды мақсатымыз – өңіріміздегі шағын және орта бизнестің дамуы.
Франчайзинг көрмесінің бағдарламасында табысты франшизалардың презентациялары, В2В кездесулер, және франчайзинг бойынша жеке кеңестерді беру қаралған.
Құрметті кәсіпкерлер, франчайзинг өкілдерімен танысуға және жақсы бизнес идеялармен қуатталу үшін біздің көрмеге келіңіздер.
Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көш. 42, «Бастау» бизнес орталығы.
Ұйымдастырушылармен байланыс:
Телефон: 8-7242-40-10-57, 8-708-244-14-90
Email: 401057a@gmail.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз