Оңтүстікте күн ысыйды

«Қазгидромет» РМК 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, кәдімгідей жаз айы басталды. Республиканың оңтүстігінде ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оған Иран аймағынан түсетін жылы ауа себеп болады.
Алдағы үш тәулікте күндізгі температура 30…35°С, кей жерлерде 37…40°С дейін күтіледі, қиыр оңтүстікте плюс 44°С дейін болжанады.
Қазақстанның солтүстік жартысына қысқа мерзімге температураның жоғарылауы мен жауын-шашынның тоқтатылуынан кейін, Ресейдің Еуропалық территориясының солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронт жылжыйды. Онымен алдағы күндері жаңбыр, кей жерде қатты, найзағай, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 маусым 2019 г. 140 0