«Халыққа жақынырақ» акциясы

Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы бірлесіп, «Халыққа жақынырақ» акциясын өткізді.
Акция Халыққа қызмет көрсету орталығының қалалық мамандандырылған бөлімінде, «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы №3 бөлімінде және көші-қон қызметі орталығында ұйымдастырылды.
Акция барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша тұрғындарға түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, бірқатар азаматтар тарапынан өтініштер білдіріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 маусым 2019 г. 231 0