«Айгөлектің» таңы арайлы

 Ә.Молдағұлова атындағы №173 ор­та мектеп жанында «Ай­гөлек» жазғы тынығу ла­гері мен «Балдәурен» аула клубы жұмыс істеп тұр. Бұл күн­де мұнда әрбір оқушының бос уақыты тиімді өтіп келеді. Бұл ретте ұстаздар қауымы да ар­тыл­ған міндеттің үдесінен шығуда.

Әр жыл сайын лагерьде міндетті оқу қоры есебінен 60 оқушы демалыспен қамтылады. Одан бөлек, аула клубындағы 8 үйірменің балалардың ойын дамытып, қиялын ұшқыр етуде үлесі зор. Мұнда 240 оқушы тіркелген. «Шебер қолдар», «Спорттық ойындар», «Салауатты ұрпақ», «Жас суретшілер», «Жас өнерпаздар», «Логика әлемі», «Do you speak English», «Табиғат сыры» үйірмелері тәр­биелік бағытта қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, табиғат аясында серуендеу, шығарма жазып, сурет салу тәрізді бала­лардың көңіл көкжиегін кеңейтіп, тұлғалық бол­мысын айқындайтын шаралар жиі өткізіліп тұрады. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылған ты­нығу лагерінде білім ошағының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Гүлшат Махамбетова бес баланың демалуына демеушілік жасады.

 

Макина ИСКАКОВА,

Ә.Молдағұлова атындағы

№173 орта мектеп

директорының

орынбасары.  

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 маусым 2019 г. 117 0