Әйелді арқасын төсеп, көлікке мінгізген әскери желіде танымал болды

Төтенше жағдайлар комитеті әлеуметтік желіге тарап кеткен суретке түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Фотода Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабахан, Бексұлтан Ибадулла, Үсен  Қазыбек, Эльдар Қырықбаев әйел адамның машинаға мінуіне көмектесіп жатыр. Сурет кейіпкері эвакуация бекетіне аман жетті», -  делінген ақпаратта.
«Инстаграм» әлеуметтік желісінде тараған фотоға 1 мыңнан астам оң комментарий жазылып, 56 мың адам «ұнату» басқан болатын. Еске салсақ, ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында 350 адамның жоғалып кеткені туралы ақпаратқа байланысты ресми мәлімет берген болатын.  Бұан дейін Арысты қалпына келтіруге Үкімет резервінен қаржы бөлінетіні хабарланды.  Сондай-ақ, бүгін Арыс тұрғындарын қайта құжаттандыру басталды. 

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 маусым 2019 г. 235 0