Аймаққа жаңа мамандықтар атласы керек

 Төртінші өндірістік революция еңбек биржасына үлкен өзгеріс әкелуде. Қазірдің өзінде көп жерде адам күшін технология алмастырды. Жасанды интеллект санадан асып түсіп, робототехника жаңа қарқынмен дамып келеді. Мұндай жағдай тарихта алғаш рет орын алып отыр. Бізге креативті ойлайтын және серпінді инновацияны жасауға қабілетті жаңа мамандарды әзірлеуге ден қойған дұрыс.

Ол үшін алда пайда болатын немесе тұрақты сұранысқа ие болып қала беретін мамандықтарды айқындауға ықпал ететін құралды, яғни атласты шығару қажет. Себебі, кейбір мамандықтар еңбек нарығынан мүлде жоғалып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Неге десеңіз, Қазақстанның стратегиялық құжаттарында көрсетілгендей, технологиялық модернизация, индустриялық революция кешенді өзгерістерді алып келді. Біз білім саласында осы дүниені ең бірінші мәселе ретінде көріп, жаңа мамандықтарды анықтау жұмысын қолға алдық. Ірі жұмыс берушілер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе әдістеме үйлестірсек, кәсіби бағдарлаудың нық тұғырнамасын түзуге болатынына сенімдіміз. Ол 9 саланы қамтиды. Барлық мамандықты 3 топқа бөлеміз. Оларға ескірген мамандықтар, түрленіп жатқан және жаңа мамандықтар кіреді. Атлас қолдануға тиімді мобильді қосымша ретінде ұсынылуы мүмкін. Жақында серіктестерімізбен бірге осындай мамандықтар атласын пилоттық жоба ретінде Ресей еліне дайындадық. Оның ресми таныстырылымы 4 шілдеге жоспарланған. Мұндай жобаны сіздердің облыста да енгізуді ұсынамын.

Саясат НҰРБЕК

BTSDigital компаниясы оқыту орталығының жетекшісі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 маусым 2019 г. 168 0