Қазақ күресінен спорт саласының қызметкерлері сайысқа түседі

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен 28 маусым күні «Мұз айдыны» СК-де спорт саласының қызметкерлері арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтеді.
Спорттың бұл түрінен алғашқы мəрте ұйымдастырылатын жарыста басқармаға бағынысты мекемелер, Қызылорда қаласы мен аудандардың спорт мектептері, спорт бөлімдері жəне спорт клубтарының қызметкерлері басқарма кубогын сарапқа салады.
Айта кетейік, сала қызметкерлері арасында бұған дейін волейбол мен шағын-футболдан жарыстар өткізілді.
Мақсаты - ұжым қызметкерлерін дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс 28 маусым күні сағат 11.00-де «Мұз айдыны» СК-де басталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2019 г. 162 0