Бүгін университеттің міндеті - бақытты адамды тәрбиелеу

Интернет-форумның спикері университет үшін адам өмірі сапасы - ең маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.
"Заманауи ЖОО-ның рөлін қайта қарау керек. Қазір университет - мемлекет, индустрия, білім беру жүйесі мен қоғам арасындағы өзіндік платформа. Бұл жерде университеттің өзі мемлекетке не бере алатынын нақты түсіну керек. Университет қандай бағдарламалар, қандай стратегиялар жасай алады? Бизнес үшін университет жаңа технологияларды, жаңа стандарттарды, консалтингті ұсынады. Өйткені қоғамға жаңа мамандар мен өмір сүру сапасын арттыру аса маңызды. Бүгінгі күні университеттің міндеті бақытты адамды тәрбиелеу".
Сондай-ақ, AlmaU ректоры отбасының жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше рөлін атап өтті.
"Бүгін біз толқымалы уақытта өмір сүреміз. Отбасы сияқты маңызды құндылықты міндетті түрде дамыту қажет. Біз білім беру бағдарламасына, мысалы, ата-аналар үшін қандай да бір психологиялық тренингтер үнемі өткізіліп тұратын форматты енгіздік, отбасына қатысты мәселелерді білім беру жүйесі арқылы шешу керек деп есептеймін".
Бүгін Қызылордада IV Халықаралық интернет-форум өтті. Форум тақырыбы: "Адами капиталды дамыту: өңір үшін жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер". Іс-шараға Ресей, Татарстан, Сингапур және Қазақстан сарапшылары қатысты. Олар өңірдегі білім беру мен жұмыспен қамту перспективаларын, еңбек нарығының өзгермелі жағдайындағы жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады.

Гүлмира ҚОРҒАНБАЕВА,
Almaty management University (Almau) ректоры
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2019 г. 85 0