Аралдық кәсіпкер шипажай ашты

 Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Көкте­рек кентінде аралдық жеке кәсіпкер Берік Жандәулетов шипажай ашты. Осыған орай жуырда «Ая-Жан & ММ» шипажайының ашылу салтанаты өтіп, шараға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Смаил Тасқұлов пен Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты.
– Денсаулық – адамның басты байлығы. Қай кезде де адамзаттың ең негізгі құн­дылығы – өзінің саулығы. Адам саулығына қызмет ете­тін «Ая-Жан & ММ» шипажайы ел игілігі үшін жұмыс істей берсін, – деп Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары ізгі тілегін жеткізді. Одан әрі салтанатты шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұлас­ты. Айта кетейік, аралдық кәсіпкердің бастамасымен қол­ға алынған бұл шипажайда 60 адамға дейін емдік минералды сумен емдеу-сауықтыру шаралары жүргізіледі.

«СБ» ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2019 г. 199 0