АРЫСТА ЖАМБЫЛ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУДЫ БАСТАП КЕТТІ

Бүгін Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл және Қызылорда облыстарынан арнайы мамандар тобы келді. Олар өздеріне бөлінген аумақтарды тазартқанша бірнеше күн жұмыс істейді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді.Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе, өзге де осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Бұл бригадалардың бәрі техникамен,қажетті құрал-жабдықпен, қамтылған.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2019 г. 260 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031