Көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы арнайы рұқсат бергені үшін пара алған

Жамбыл облыстық көліктік бақылау инспекциясы бөлім  басшысының жүйелі түрде пара алу фактілері анықталды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облыстық көліктік бақылау инспекциясы бөлім  басшысының жүйелі түрде пара алу фактілерін анықтады. Ол Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат бергені үшін жеке компаниялардың өкілдерінен пара алды деген күдікке ілінді», - делінген таратылған ақпаратта. 
Ведомствоның атап өтуінше, кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2019 г. 207 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031