Оқу-жаттығу өткізілді

Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде  экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға аудандық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды. Құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу жұмыстарымен қатар оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қажетті уақытында ұйымдастырылды.

Жаттығу қорытындысы бойынша арнайы топтың жедел әрекетінің нәтижесінде кепілге алынған азаматтар босатылып, қауіпсіз аймаққа көшірілді. Күдікті тұлғалар дер кезінде түгел құрықталды. Шара барысындағы әрекеттерден тұрғындарға үрей туғызбау үшін дыбыс күшейткіш құралы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2019 г. 240 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031