Елорда күніне арналған шаралар саны 3 есе қысқарды

Биыл Елорда күні мерекесі жылдағыдан бәсең тойланады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, шаралардың санымен қатар шығыны да қысқарған.
«Елорда күнін мерекелеу аясында 100-ге жуық шара өтеді. Оның 73-і халық үшін - тегін. Биыл ресейлік және отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін Open Air, ашық аспандағы гала-концерт, халықтық  серуен сияқты шығыны көп шаралардың бюджеті қысқартылады», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  
Оның айтуынша, мерекелік іс-шаралардың көбі қаланың шеткері аумағындағы тұрғын алқаптарында ұйымдастырылмақ.
 «Биыл іс-шаралардың негізгі бөлігі қаланың шеткі аудандарындағы 8 тұрғын алқабы мен саябақтарда, скверлер мен бульварларда, Есіл өзенінің жағалауында өтеді. Бұл қаланың орталық бөлігін жаппай шоғырланудан арылтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2019 г. 228 0