Алаяқ ұсталды

Оралда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы кезінде алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш шара 18-28 маусым аралығында өтуде. 25 маусым күні «Ураган» жылжымалы автокешенінің көмегімен «ВАЗ-21140» (мемлекеттік нөмірі U126EE, 73-аймақ, РФ) автокөлігі жүргізушісінің жол ережесін бұзу бойынша айыппұлын төлемегені анықталды. Тексере келе жүргізушіге Орал қаласындағы алаяқтық әрекеті үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды.
 Атап айтқанда, ол 2015 жылы жер телімін сатамын деген желеумен біреудің 0,5 млн теңгесін иемденіп кеткен. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 маусым 2019 г. 157 0