Басқарма кубогы сарапқа салынды

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының бастамасымен спорт саласы қызметкерлері арасында қазақ күресінен басқарма кубогы сарапқа салынды.

Қазақ күресінен алғашқы мəрте ұйымдастырылған жарысқа басқармаға бағынысты мекемелер, Қызылорда қаласы мен аудандардың спорт мектептері, спорт бөлімдері жəне спорт клубтарының қызметкерлері сынға түсті.

Айта кетейік, сала қызметкерлері арасында бұған дейін волейболдан жарыс өткізілген болатын. Енді шағын-футбол мен баскетболдан ұжым қызметкерлері шеберлік байқасады.

Алдағы уақытта сала қызметкерлері арасында спорттың 4 түрі: волейбол, шағын-футбол, баскетбол жəне қазақ күресінен жарыстар дəстүрлі түрде өткізілетін болады.

Мақсаты - ұжым қызметкерлерін дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қазақ күресінен жарыс нəтижесі төмендегідей:

-80 келі:
1. Бағдат Каленов (ЖСШМ директоры)
2. Берікқазы Əуесбаев (14 БЖСМ директоры)
3. Нариман Сапарбай (Шиелі спорт бөлімінің басшысы)

+80 келі:
1. Алмат Қодаров (15 ОРМБЖМ директоры)
2. Ғабит Тəжбенов (9 ОРМБЖМ директоры)
3. Қанат Нұрмаханов ("Нұрсəт" теннис орт. меңгерушісі)

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 маусым 2019 г. 302 0