33 жылқыны ұрлаған барымташылар ұсталды

Жамбылдық полицейлер жедел іздестіру барысында жылқы ұрлығы бойынша күдікті топты құрықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні Шу ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен 33 жылқы жоғалып кеткен болатын. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бес адамнан тұратын күдікті топты анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Күдікті топтың мүшелері - Т.Рысқұлов ауданына қарасты бір ауылдың тұрғындары. Барлық күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Сондай-ақ, ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-дейді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 маусым 2019 г. 585 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930