Ауыл келіндері арасында фестиваль өтеді

 ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазалы аудандық мәдениет Орталығы.

МАҚСАТЫ: Фестиваль арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттау, әйел адамның қоғам алдындағы рөлін көтеру.

ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ: 2019 жылдың маусым-қыркүйек айларында "Жайлаудағы ауыл" демалыс орнын ұйымдастыру мақсатында 2 шілде, 19 шілде, 26 шілде сағат 17.00 де Жеңіс саябағының ішінде өткізіледі. Фестивальге кез келген ауылдың жас келіні қатысуға ұсыныс бере алады. Байқау бір кезеңнен 4 шарттан тұрады; Барлық кезеңге 30 минут беріледі.

ТАПСЫРМАЛАР: а) күбі пісу ә) нан жабу б) диірмен тарту

Үй тапсырмасы: қамыр жаю

Келіндердің өнері мен шеберлігін арнайы бекітілген қазылар алқасы бағалайды.

Келіңіздер! Қатысуға ұсыныс беріңіздер!

Үздік келін атануға белсенділік танытыңыздар! Тіркелу жүріп жатыр!

Байланыс телефондары: 21-9-39, 87783726751.

Қазалы аудандық мәдениет Орталығының аудандық әдістемелік бөлімі

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 шілде 2019 г. 543 0