Қазалыда жаңа көліктер сататын автосалон ашылды

Әйтеке би кентіндегі «Қазалы керуен» автобекетінде жаңа автосалон ашылды. Бүгінгі таңда «Allur Auto» салоны қазалылықтарға «Ravon» және «Jac» маркасындағы көліктің кең таңдауын ұсынады.
Мұнда Қазақстан зауыттарындақұрастырылатын «RavonR3» жеңіл машиналары мен «Jac S3» крассоверлері сынды автокөліктер сатылып жатыр. Автокөліктердің бағасы өзінің мүмкіндіктеріне қарай әр түрлі. Мәселен автокөлік салонындағы темір тұлпардың ең арзаны 3,9 млн теңге болса, ең қымбаты 5,6 млн теңгені құрайды.
Автосалон қызметкерлері өз тұтынушыларына сапалы, әрі мәдениетті қызмет көрсетуді басты міндеттері санайды. Темір тұлпарды тізгіндеуге ниетті жандардың несиесі осы жерде «Еуразиялық банк» арқылы бір күнде рәсімделеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 шілде 2019 г. 525 0