Елордада дәмхана өртеніп жатыр

Елорданың Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің бойында Doner house дәмханасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Дәл қазіргі уақытта жеке тұрған ғимараттың шатыры жанып жатыр. Оқиға орнына екі өрт сөндіру және бір жедел жәрдем көлігі жеткен. Өрттің неден шыққан белгісіз. 

​​​
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2019 г. 418 0