Тергеу жүруде

Облыстық полиция департаменті күні кеше әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады.
- Түнгі уақытта спирт ішімдігін ішіп, автокөлікті басқарған  43 жаcтағы қала тұрғынына полиция қызметкерлері заңды талап қойған. Заңды талапқа бағынбай, қарсылық танытқан азаматты  қызметтік автокөлікке отырғызу барысында ол кенеттен есінен танып, жерге құлаған. 
Полиция қызметкерлерімен дереу жедел жәрдем шақыртылған. Алайда, көмек жеткенше қала тұрғыны қайтыс болған. Аталған оқиға полиция қызметкерлерінің портативтік бейнетіркеуіш құралына жазылған. Сот-дәрігерлік сарапшының мәйітке сырттай қарау жүргізу барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған, - делінген хабарламада.
Қазір азаматтың қайтыс болу дерегі бойынша облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2019 г. 330 0