Аудан әкімі алғыс айтты

 Оқырмандар әлеуметтік желілерде белсенді. Солардың ішінде аудан әкімдері де бар. Әсіресе, Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев алдыңғы қатардан көрініп жүр. Ол бүгін Facebook әлеуметтік желісі арқылы атабасылымға алғысын білдірді.

«Облыстық «Сыр бойы» газетінің бүгінгі №101 санында «Елдің жайын жол айтар» тақырыбында тілші Дәулет Қырданның мақаласы жарияланыпты. «Назардағы нысан» айдарымен жарияланған мақалада ауданымызға қарасты Бесарық және Қоғалыкөл ауылдарының маңайындағы жол жөндеу жұмыстары жөнінде жазылған. Жалпы, жол жөндеу – сауапты іс. Сондықтан күннің аптап ыстығына қарамастан, нақтыланған жоспар бойынша қарқынды жұмыс істеп жатқан мердігер мекеме қызметкерлеріне алғыс айтамын. Лайым, қала орталығы мен ауылдарды байланыстыратын жол сапасы жақсы болып, халық игілігіне жарасын. Ақпараттық қолдау көрсеткен облыстық газет ұжымының жұмысына жеміс тілеймін», – деп жазды аудан әкімі өз парақшасында.


«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2019 г. 802 0