Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

 "Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.  Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз - 2019 жылы 17 маусым аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымға Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2019 г. 159 0