Көлік ішінен мәйіт табылды

 Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған оқиға Қызылорда қаласында болды. Адам мәйітінің табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 26 және 41 жасар екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілер Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді. Бұдан бұрын Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2019 г. 575 0