Тұрғындарды қабылдады

Әлеуметтік салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді.

Қабылдауға 20-дан аса тұрғын келіп, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Өтініштің басым бөлігі баспанаға қатысты болса, қалғаны әлеуметтік көмек көрсету мен өзге де мәселелерге қатысты.

Айта кету керек, бүгінде ұйымдастырылып келе жатқан қабылдаулар арқылы азаматтардың түрлі мәселелері шешілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2019 г. 109 0