Құлаған жартас туристер толы автобусты басып қалды

Жартас сынықтары туристер мінген автобусты басып қалды. Қытайдағы қайғылы оқиға жергілікті уақытпен 14:00-де болды. Автобус Ченду қаласына бара жатқан, деп хабарлайды Синьхуа.


Оқыс оқиға салдарынан  кем дегенде 8 адам қаза тауып, 16-сы жарақаттанған. Ішінде 28 турист пен екі жүргізуші  болған автобусқа  тау жолымен кетіп бара жатқан мезетте жоғарыдан жартас сынықтары құлаған. Келеңсіз жағдай елдің оңтүстік батысындағы Нгава-Тибет автономды округінде жергілікті уақытпен 14:00 шамасында  болған. Автобус Сунгчу үезінен Чэнду қаласын бара жатқан. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2019 г. 120 0