Суға шомылудың тәртібі бар

Жаз күндерінің шамадан тыс ыстықтығы көпшіліктің су айдындарына жиі барып демалуына себеп болып отыр. Белгіленбеген жерлерде суға шомылу салдарынан суға кету оқиғалары жиілеуіне сәйкес Қызылорда облысы ТЖД тарапынан үгіт-насихаттық жұмыстары мен рейдтер күн сайын өткізілуде. Рейд кезінде  Қызылорда облысы ТЖД мамандары қала суға түсуге белгіленбеген орындарда суға шомылып жатқан 64 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережесі жазылған  жадынамаларды таратты. Сондай-ақ облыс бойынша 200-ден астам тұрғындарға үгіт-насихаттық жұмыстары жүргізілді. Осы рейдке Жастар ресурстық орталығының еріктілері де белсене қатысты.  
2019 жылғы 10 шілдеде "Копэс", "ПМК-29", "Наурыз", "Сабалак", "Ягодка" саяжай алабы ауданында, "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" трассасында Сырдария өзенінде, "Мерей", "Рисмаш", "Тасбөгет", "Белкөл" шағын аудандарында, Халыққа қызмет көрсету орталығы, "Водозабор", Мичурин көшесі, "Сталинский канал" каналының ауданында, "Р-1" канал шлюздері маңында халық арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысы ТЖД
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2019 г. 121 0