Қызылордада магнит адам бар

Қызылордадан тұла бойына қасықтар мен үтікті жапсырып алатын адам  табылды.
Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылында тұратын Нәзірхан Өтепберген өткен жылға дейін бойындағы мұндай құбылысты байқамаған. Биыл алпысқа толатын Нәзірхан бұған дейін «Құмкөл» мұнай кенішінде жұмысшыларды таситын автокөлік жүргізушісі болып қызмет еткен. Былтырдан бастап ауыл клубының күзетшісі. Барлық көлік түрлерін шашып тастап, жөндей алатын, ешкімге қиянаты жоқ ақкөңіл жанның бойындағы қуатын немересі аңғарған. Денесінің қызуы мол екендігін білген немересі Әли өткен жылы атасына сынақ өткізген.
– Өткен жылы «Пендеміз ғой» токшоуын немерем Әли, келіншегім Гүлзада үшеуіміз көріп отырдық.  Теледидардан көргесін немерем өзіне қасықтарды көкірегіне жабыстырып көрді. Оған ілікпеді. Ол дереу мені орнымнан тұрғызып,қасықтарды жабыстырып еді. Маған бәрі тұра қалды. Көршілерге көрсеттік. Жұрттан көп, басқаша тамақ ішіп жатқан жоқпын. 1977 жылдан бері көлік жүргіземін. Мүмкін сол темірмен ұдайы жұмыс істегеннен шығар деп топшылаймын»,– дейді Нәзірхан Өтепберген.

Ескендір Ертай
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2019 г. 122 0