Қыста қиярдың бағасы алмадан асты

  Қыстың көзі қырауда базар барсаңыз, көкөніс нарқы көңілдегі бағаны бұзады. Бұл жағдайға көптен бері жерлестеріміздің еті үйренген. Түйткілдің түйінін тарқату үшін өңірде жылыжай санын арттыру керек.

– Алға қойған міндеттер қатарында жыл аяғына дейін қолданыстағы жылыжайларды толық пайдалана отырып, оған қоса 28 жылыжайды іске қосу ойда бар. Қыста өздеріңіз білетіндей, қиярдың бағасы алмадан асып түседі. Ақсуат ауылдық округінде 2,2 гектар көлемдегі жылыжайдың құрылысы жүріп, енді инфрақұрылым жұмыстары қалды. Іске қосылғанда жылына 400 тонна өнім өндірмек. Біз әрбір жылда 10 гектардан жылыжайды іске қоссақ, алдағы 7-8 жылда облысты көкөніспен толық қамти аламыз, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Бір айта кетерлігі, 2014 жылмен салыстырғанда жеміс-жидек пен көкөніс өнімінің мөлшері 1,5 есеге артқан.

Дәулет ҚЫРДАН. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2019 г. 116 0