Шиеліде «Аkmaya Smart Farm» ақылды ферма жұмыс жасауда

Шиелі ауданының "Ақмая" шаруа қожалығында "Акмауа Smart Farm" жобасы жұмыс істейді. Қазір шаруашылық FMIS – "Ақылды ферма" зияткерлік геоақпараттық платформасын пайдалана отырып тәжірибе жүргізуде.
Осы жобаға сәйкес егіс алқаптарының мониторингі ауыл шаруашылығы дрондарының көмегімен жасалады.
"Бізде екі дрон бар. Біреуі, алқаптағы егіс жағдайын бағалайды, екіншісі суаруға көмектеседі. Дрон қиыншылық тудыратын жерлерді дәл көрсетеді, сондықтан егістікке бірден көмектесуге болады. Осылайша, бір маусымда біз 20 миллион теңгеге дейін қаражат үнемдей аламыз", - дейді шаруашылық басшысы Наматулла Рүстемов.
"И.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ" ЖШС ғалымдарының болжамы бойынша, дрондарды пайдалана отырып, кез келген шаруашылық еңбек өнімділігін 50 пайызға дейін көтереді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2019 г. 90 0