Қармақшыда өткен Сұлтан Сармолдин атындағы байқау

Дүр Оңғар ауылында Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруы өңіріміздің мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген ардагер Сұлтан Сармолдин жүлдесі үшін «Үздік көшбасшы – 2019» клуб кәсіпорны директорларының облыстық байқау өтті.
Облыстық байқаудың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызылорда қаласы мен аудандардан қатысқан клуб кәсіпорны директорларының облыстық байқауының нәтижесінде бас жүлдені Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылдық клубының директоры Бақыткүл Тасқожаева, І орынды Қармақшы ауданы, Төретам кенттік клубының директоры Айгерім Айтжанова, ІІ орынды Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық клубының директоры Жасұлан Жәрменов, ІІІ орынды Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылдық клубының директоры Қалимаш Сейділдаева, ІІІ орынды Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық клубының директоры Анар Қалдыбаева иеленіп, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қармақшы ауданы әкімнің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2019 г. 360 0