Футбол қақпасының астында қалған бала көз жұмды

28 маусым күні футбол қақпаларының астында қалған қостанайлық Намих Шишинов қайтыс болды деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қайғылы жағдай туралы марқұмның туыстары хабарлаған. Жасөспірімді дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға ауыстырмақ болған. Алайда, сенбінің жексенбіге қараған түні оның жағдайы күрт нашарлап кеткен.
Намих Шишинов таңғы уақытта көз жұмды.
Айта кетейік, футбол қақпасының астында қалған балақай аса ауыр жарақаттар алып, оның ішкі ағзалары жарылып кеткен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2019 г. 441 0