Мейрамбек Бесбаев #Абай175 челленджіне қатысты (Видео)

Әнші Мейрамбек Бесбаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
олелімізде қыза түскен челленджді әнші Ернар Айдардан қабыл алған.  "МузАРТ" тобының мүшесі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған видеода ұлы ақынның "Сегіз аяқ" өлеңінен үзінді оқығанын байқауға болады. Сондай-ақ, ол челленджді жалғастыру үшін Серік Аббас-Шаx, Тоқтар Серіков және Қайрат Нұртасқа жолдады.
Еске салайық, бұған дейін Абай шығармаларын оқу эстафетасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, әнші Димаш Құдайберген қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, композитор Игорь Крутой, әнші Валерия және ресейлік МУЗ-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 шілде 2019 г. 357 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031