"Бір-ақ рет болады, жалғастырмаймыз": Тоқаев қазақстандықтардың несие қарызын кешіру туралы

 Қазақстандықтардың борыштық жүктемесін төмендету аясында келесі аптадан бастап екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен шарттар жасалады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

«Менің тапсырмам бойынша төлемге қабілетсіз, кедей азаматтардың борыштық жүктемесіне қатысты жұмыс қалай жүріп жатыр?» - деп сұрады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Досаевтан. 

«Ағымдағы жұмысты Үкіметпен екі блокқа бөлдік. Бірінші блок – біздің бірлескен қолдауымыздың зонасына кірген халықтың топтарын салыстыруға байланысты. Осы аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен деректер базасын салыстыру жұмыстары аяқталады. Келесі аптадан бастап шілденің соңына дейін екінші деңгейлі банктері, микроқаржы ұйымдары мен проблемалық кредиттер қоры арасында алдын ала келісімшартқа қол қойылады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ол 1 қыркүйекке дейін банктер тапанынан қажетті төлемдер аяқталатынын айтты. 

«Мемлекеттік несие бюро тізімге енген азаматтардың 300 мың теңгесін есептен шығарылады», - деп жауап берді Досаев.

Тоқаев өмірлік қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың борыштық жүктемесін төмендету жөніндегі жұмысты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

«Бұл акция бір рет қана өткізіледі. Жалғастыра алмаймыз, оған құқығымыз жоқ. Бірақ халыққа жариялағанды сапалы орындауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайға тап болып, төлем жасауға қабілетсіз қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтуды тапсырған болатын.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 шілде 2019 г. 175 0