«Қайсар» құрамына африкалық футболшы қосылды

  Конголық Андре Букиа "Қайсар" сапын толықтырды. 24 жастағы Андре осы уақытқа дейін португалдық "Брага", "Боавишта" сынды бірнеше клубта доп тепкен. "Қайсарға" дейін Португалия біріншілігіндегі "Арока" командасының намысын қорғаған. Өткен маусымда "Арока" сапында 31 ойын өткізіп, 5 мәрте мергендігімен көзге көрінген. Жаңа футболшы 77 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 шілде 2019 г. 174 0