Көп ұзамай ұрыны ұстады

25 маусым күні азаматша қымбат ұялы телефонының ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданады. Сол күні ол дүкеннен азық-түлік сатып алып, байқаусыздан ұялы телефонын дүкеннің кассасында ұмытып кеткен. Телефонын іздеген азаматша дүкенге қайта барғанында ұялы телефонының ұрланғандығын анықтап, дереу полицияға  хабарлама береді.

 Дереу полиция қызметкерлеріне  бағыт-бағдар берілді. Бұл қылмысты ізін суытпай ашуға мүмкіндік берген дүкенде орнатылған бейнебақылау камерасы.   

Дүкен сатушысы да күдіктіні таныды.  Оның айтуынша, күдікті азамат қайтадан келіп, сол дүкеннен сауда жасаған. Дүкен сатушысының қырағылығының және учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Байназаров Еркіннің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат ұсталды.  Жәбірленушінің ұрланған ұялы телефоны айғақ зат ретінде алынды. 

Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Қызылорда қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 шілде 2019 г. 292 0