Жас дарын Youtube хостингімен бәсекелесе алатын жаңа платформа ойлап тапты

Қызылордалық Евгений Демиденко әлемге әйгілі Youtube хостингімен бәсекелесе алатын жаңа платформа ойлап тапты. Жас дарын бейнехостингтің жаңа үлгісін жасауда ұзақ зерттеу жүргізіп, тыңғылықты дайындалған.
Оның жаңа бағдарламасы Youtube желісінде жоқ жаңа функцияларды орындай алады. Яғни бейнелерге қатысты өз ұсыныстарын жаңа деңгейге шығару үстінде. Youtube бейнехостингіне балама болатын бағдарлама 2020-2021 жылдары аяқталады. Қазір оның жобасы жабық көрсетілім жағдайында тұр.

Еске сала кетейік, Евгений - шетелдік «Boeing» компаниясынан ұсыныс алған тұңғыш қазақ баласы. Қолданыстағы ұшақтардың базасына негізделген жаңа әуе кемесінің жобасын әзірлеген оның ІТ саласындағы жобалары шетелдік компаниялардан қолдау табуда.

- Ұшақтағы техникалық және дизайнерлік рәсімдеуді толығымен өзгертіп, оның жаңа және революциялық моделін жасап шығардым. Жоба «Nazarbayev Foundation School Challange» байқауының базасында таныстырылды және мен онда жеңімпаз атанып, Англияның жетекші жоғарғы оқу орындарына барып, білімімді жетілдіру мүмкіндігіне ие болдым, - дейді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2019 г. 151 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031