«Қала тарихы» музейіне саяхат

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» музейі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға «Қала тарихы» музейіне «Балаларға мейірім сыйла» атты экскурсиялық саяхат ұйымдастырды.

Экскурсияның мақсаты – тарихи көрікті орындарды көрсету, тарихымыздың өте терең  және бай екендігін, «Ұлы жібек» жолында орналасқандығын, Сыр Алаштың анасы, Сыр  елі-жыр елі екендігін сипаттап, түсіндіру, есте сақтауды қалыптастыру. Балалар экскурсия  барысында мағлұмат алып, ұйымдастырушы музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2019 г. 334 0