Бұршақ, найзағай, аптап: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 тамыз күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 36°С аптап ыстық күтіледі.

1 тамызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады.

1 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел қарқыны түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, екпіні - 23 м/с дейін күшейеді.

Қостанай қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2019 г. 594 0