Арыста 5776 үйде қалпына келтірілді

Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 құрылысшылар қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көп қабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр. Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізіп жатыр. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2019 г. 500 0