Ауыл әкімдері әйнектелген қызметтік бөлмелерге көшуде

Қызылорда облысында мемлекеттік органдардың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілердің алдын алу мақсатында «Open space» жұмыс форматын тәжірибеге енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, облыс бойынша барлығы 21 мемлекеттік орган мен ұйымдар осындай форматқа көшіп, әйнектелген ашық алаңда жұмысын жасауда.

Осы кезге дейін «Open space» форматы Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің әкімдігіне тәжірибеге енгізген болса, ауылдық округтер арасында бірінші болып Ақсуат ауылдық округінің әкімдігі ашық алаң форматына көшіп, өз жұмысын бастады.

«Openspace - қызметкерлердің жұмыс орындарын бір ашық алаңда ұйымдастыру. Жұмыс бөлмелері әйнектелген шыны қабырғалардан жасалады. Бұл жұмыс форматы ұжымның ұйымшылдығына, қызметкерлердің коммуникабельдік қасиеттеріне және басшының көптеген жұмыс сәттеріне қатысуына оң ықпал етеді.

Уақыт өткен сайын басшыларға қойылатын талаптар мен міндеттер артып отыр. Басшылардың күнделікті жұмысына қоғамдық бақылау күшеюде. Сондықтан жан-жақты алып қарайтын болсақ, мемлекеттік органдар үшін бұл өте тиімді жұмыс жасау форматы.

Бұл бір жағынан жергілікті әкімдіктердің ашықтықты мен жариялығын білдірсе, екінші жағынан әкімдікке келген азаматтар үшін өте қолайлы деп есептейміз», - дейді «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 тамыз 2019 г. 635 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031