«Протон-М» зымыраны Байқоңырдан қашан ұшырылатыны белгілі болды

Байқоңыр ғарыш айлағында кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
«Мемлекеттік комиссия 2 тамыз күні ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыранын старттық кешенге шығару туралы шешім қабылдады. Ұшырылым 6 тамыз, сейсенбіге жоспарланған», - деп жазды Twitter-де Роскосмостың басшысы Дмитрий Рогозин.
Ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыраны Eutelsat бағдарламасы бойынша Байқоңырға бірнеше күн бұрын жеткізілген. Роскосмос корпорациясының құрамына кіретін М.В.Хруничев атындағы ғарыш орталығы «Протон-М» зымыранының құрамдас бөлшектері тиелген эшелон (тамымалдаушы зымыранның үш басқышы, үдемелі блок, ауыспалы жүйе және басты орай ағызғыш) «Протон» ғарыштық зымыран кешенінің техникалық кешеніне 2019 жылдың 31 шілдесінде 5 West B және MEV ғарыштық аппараттарын кластерлік ұшыруға дайындау үшін жеткізілгенін хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 тамыз 2019 г. 509 0