Бір күндік еңбекақыларын аударды

Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай бүкіл Қазақстан халқын біріктіргені белгілі. Оқиға салдарынан зардап шеккендерге күллі ел болып, «Арыс, біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында көмек қолын созып жатыр.
Жуырда қайырымды істен қалыс қалмай, Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары да игі істі жалғастырып, қиын сәтте қалған отандастарымызға қолдау көрсету мақсатында бір күндік еңбекақыларын аударды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 тамыз 2019 г. 290 0