1000-нан аса қазалылық экологиялық акцияға қатысты

Республикалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында 300-ге жуық қазалылық Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты «Водокачка» елді мекеніне кіре беріс жолдың бойын қоқыстардан тазалады.

Аталған акцияда дербес бөлімдер мен мекеме, кəсіпорын жəне білім саласының қызметкерлері жол жиегінде бей-берекетсіз шашылған қоқыстарды қаптарға салып, арнайы келген автокөліктерге тиеді.

Бұл күні экологиялық акцияға белсене қатысқан ұжымдардың бірі – Қазалы ауданаралық ауруханасы. Бас дəрігердің орынбасары Күншығар Əбілов республикалық экологиялық акцияға ұжымның бірауыздан қатысып, өз үлестерін қосып жатқанын мақтанышпен жеткізді.

– Аурухананың атынан сенбілікке 60-қа жуық адам қатысып отыр. Экологиялық сенбілікке барлық аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз. Қоршаған ортаны таза ұстау – бәрімізге ортақ іс. Сондықтан мұндай акциялардың жиі-жиі ұйымдастырылғаны абзал. Әрбір адам Отанының патриоты бола тұра, қоршаған ортаның тазалығына өз үлесін қосуы тиіс, – дейді Күншығар Əбілұлы.

Бұл күні сенбілікке Қазалы ауданы бойынша 100-ге жуық мекемеден 1000-нан астам қатысып, Сырдария өзенінің Байқожа елді мекенінің тұсынан бастап Бекарыстан би ауылына дейін аралықтағы қоқыстарды жинады.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 тамыз 2019 г. 301 0